jasqazaq.kz

Әйелін өлтірген прокурорға сот үкімі шықты

19 қараша 2018, 16:04

Шымкентте экс-прокурор әйелін өлтіргені үшін сотталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының өкілі Әбинұр Қарабаев хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокурасының бұрынғы қызметкері қауіпсіздік деңгейі жоғары колонияда 11 жыл бойы жазасын өтейді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылды. Биыл мамырда ер адам М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қабырғасында әйеліне бес рет пышақ ұрған. Әйелінің туған күнінде ол жарын құттықтап, татуласу үшін келген, алайда екеуінің арасында жанжал шығып, артынша экс-прокурор әйелдің жүрек тұсына пышақ ұрған. Әйел адам сол жерде қайтыс болды. Прокурор ер адамның 15 жылға сотталуын сұрады. «Ол оқиға орнынан қашпақшы болған кезде, оны студенттер ұстап қалған. Ешкім көрмей тұрғанда, ол пышақты жасырып үлгерген. Кейінірек жедел тергеу тобына пышақты қайда жасырғанын көрсетті. Барлығында мойындады. Бұрынғы қызметкер ол өзіне қандай айып тағылатынын білген. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізілді. Алайда судья тек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша үкім шығарды. Ол қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі колонияда 11 жыл бойы жазасын өтейтін болады», — деді Әбинұр Қарабаев Іс материалдарында 41 жастағы ер адам мен қайтыс болған әйелдің арасында жиі жанжал болатыны айтылған. Екеуі де екінші рет отау құрған. Әйел адам бірнеше рет ажырасу туралы арыз берген. Оқиға болған күні ер адам әйелімен татуласу мақсатында гүл алып келіп, отбасын сақтап қалуды шешкен. Алайда екеуінің арасында жанжал шыққан. Сот барысында ер адамның пышақты қасақана алып келгені туралы дәлелденбеді. Қайтыс болған әйелдің кәмелетке толмаған үш баласы қалды. Бір жарым жасар бала екеуінің ортақ сәбиі болған. Баланың тағдырын қамқорлыққа алу органы шешетін болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде