jasqazaq.kz

Әйелін өлімші етіп сабап, балаларын көсеумен күйдірген кім? (ВИДЕО)

24 қараша 2021, 10:58

Туған анасы баласын іш киіміне кіші дәретін жіберіп қойғаны үшін от көсейтін темірмен ұрған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарламаға осындай айыптаулармен келген Артур есімді ер адам баласын бұрынғы әйелінен арашалап алып, өз қарауына алғысы келетінін айтты.

Алматы облысындағы Қошмамбет аулының тұрғыны жырақтағы балалары үшін тіпті егіле жылады.

— Бұрынғы әйелімен бір күнде танысып үйлендім. Бұрын үйленіп ажырасқанмын, ол да қайтып келген келіншек болатын. Сөзіміз бір жерден шықты. Бұрынғы өміріңдегі қателіктеріңді қайталама. Ол өмірің сол жерде қалсын деп қаншама рет айтқанмын. Бір емес, екі рет қайтып келген. Екінші рет Таразда Диас есімді жігітпен екі күн төсектес болып келген. Оны маған жеңгелері айтты. Қыз емессің деп қайтарып жіберген. Өзім ұлым мен әйелімді тастап кеткенмін, дейді екінші некесі де сәтсіз болған азамат.

Бағдарлама барысында, баланы сабаған ана емес, балалардың әкесі болып шықты. Себебі, күтпеген жерден әйелінің оңбай таяқ жеген виедосы көрсетілді. Денесінің бүкіл жері күйіп, қолы тілінген әйелді өзге емес күйеуі қорлаған. Тіпті еш шімірікпестен бұның өзі аз деп ойындағысын айтты.

— Уақытым болмай қалды, өлгенше аямай сабар едім, дейді әйелін көгала қойдай сабаған еркек.

Оқиғаның дәл бұлай қатыгездікпен өрбуіне бұрынғы әйелінің өзгемен үнемі төсектес болуы себеп көрінеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық