jasqazaq.kz

Әйелін қызғанған астаналық өз досын жауыздықпен қинаған

16 сәуiр 2018, 10:35

Астанада әйелімен көңілдес болды деп күдіктеніп, әріптес досын әбден қинаған 32 жастағы тұрғын сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот қаулысына сілтеме жасап. Оқиға 2017 жылдың қыркүйегінде болған.

Алайда бұл оқиға жайлы енді ғана белгілі болды. Сот мәліметтері бойынша, Қазақстанда ықтиярхатпен тұрып жатқан өзбекстандық азаматтық некедегі әйелімен төсектес болды деп күмәнданған жәбірленушіні елордадағы салынып жатқан үйлердің бірінде азаптаған. Сөйтсек, екеуі сыныптас болған және осы үйдің құрылысын жүргізіп жатқан екен. Осыдан кейін ер адам әйелімен жыныстық қатынасқа түскенін мойындату үшін алдымен темір сыммен байлап тастап, ұрып-соққан. Мұнысымен қоймай, бармақтарының тырнағын тістеуішпен жұлып, құрылысқа арналған заттармен сексуалдық зорлық көрсеткен. Айыпталушы әбден қансыраған жәбірленушіні келесі күні сол үйдің басқа қабатында орналасқан пәтерге алып келіп, азаптауын тағы да жалғастырған. Тырнағы жұлынған аяғына етік кигізіп, үстінен басып та қинаған. Бұл әрекет бір аптадай уақытқа созылған. 5 қазанда сотталушы өз жемтігін басқа мекенжайдағы жатақханаға алып келіп, қинау ісін жалғастыра берген. Тек 8 қазанда ол әйелі мен оның ашынасы делінген ер адамды беттестіріп, екеуінің арасында ешқандай да байланыс болмағанына көзі жеткен. Жәбірленуші полицияға арыз түсіріп, күдікті 10 қазанда ұсталып, қамауға алынған. Іс сотқа жетіп, мұнда айыпталушы жәбірленушіге дене жарақаттарын келтіргеннен соң дәрі-дәрмек алып бергенін және одан кезінде кешірім сұрағанын, ал сотта кешірім сұрамайтынын айтып, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған. Сотталушының әйелі болса онымен азаматтық некеде тұратынын және екі бала асырап жатқанын айтқан. Сот үкімі бойынша, ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы («Қинау») бойынша айыпты деп танып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның жазаны қылмыстық- атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтіні айтылады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді