jasqazaq.kz

Әйелін қорғаймын деп адам өлтірді

29 қантар 2019, 11:54

Алматы облысының тәртіп сақшылары ауылдасын жұдырықпен ұрып өлтірді деген күдікке ілінген Талғар ауданының 50 жастағы тұрғынын ұстады.

Оқиға 23 қаңтарда Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында болған. Екі ауылдастың арасындағы тұрмыстық жанжал төбелеске ушығып, ауыр жарақат алған 52 жастағы ер адам, ауруханада көз жұмған. ҚазАқпарат хабарлағандай, тергеу барысында, көз жұмған азамат пен күдіктінің жұбайы арасындағы жанжал кезінде төбелес болғанын және күдікті жұбайын қорғау мақсатында осындай қадамға барғанын түсіндірді. «Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес, «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азамат ұсталды және Талғар ауданы полициясының уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Істі тергеу Талғар аудандық полиция қызметкерлерінің өндірісінде»,-деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде