jasqazaq.kz

«Әйелін 20 қойға сатып жіберген» (видео)

20 қантар 2021, 15:49

Күйеуі жиырма қойға айырбастаған қазақ қызы құлдықтан құтылғысы келетінін жеткізген.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сарбиноз есімді әйел виртуалды әлемде Марат есімді жігітпен танысып, өзінің құлдықта екендігін және көмек беруін өтініп сұрайды.

Оның айтуынша:

«Мені күйеуім жиырма қойға сатып кеткен. Мені бұл жердегілер құлдықта ұстап отыр, құжаттарымның барлығын алып қойған. Қалай кетуді білмеймін. Өтінемін көмек беріңізші» — дейді.

Ал виртуалды әлемдегі махаббаты Марат оның жеке нөмерін алып көмектеспек болғанда, қазіргі күйеуі яғни фазенда бастығы қоқаң лоққы көрсетіп, қыздың жағдайы жақсы екендігін айтып, «сен кімсің» деп өзін қорқытады.

Біраз уақыт жоқ болып кеткен қыз кейін қайтадан кері байланысқа шығады. Ал Марат бұл жағдайды бей-жай қалдырмай «Астарлы ақиқат» бағдарламасына хабарлаған.

Құлдықтағы қыздың бұрынғы күйеуі отандық фильмдердің бірінде басты рөлді сомдаған актер болып шықты, Ол бірнеше жыл бұрын «Секер» атты кино туындыға түскен Кенже Ешимов.

Айта кетсек, Сарбиноз күйеуі Кенже Ешимовты өзін жиырма қойға айырбастады деген болатын.

Желі қолданушыларының басым бөлігі құлдықта отырған әйелге сенбейтіндіктерін айтуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде