jasqazaq.kz

Әйелімнің біреумен жатқаны көзіме келеді де тұрады

14 тамыз 2018, 11:05

Қазақ қоғамында қыздың абыройы қай заманда да бірінші орында тұрған. Десе де, пәктігінен айрылғанын біле тұрып, оны жар етіп алғаннан кейін өкіну, оны бетіне басу секілді келеңсіз жайттар біздің ортамызда жиі кездесе бастады. Тіпті, әлеуметтік желідегі парақшасында өз келіншегінің абыройын төгетіндер де көбейді. Сондай ер азаматтардың бірі Facebook желісі арқылы әйелін қаралап, көпшіліктен кеңес сұрап отыр.

«Жасым 30-дан асып кетті. Бір баламыз бар, бірақ менің әйелімнің біреумен жатқанын көзіме келеді де тұрады.

Бұл менің алғашқы некем. Өзім де періште емеспін, дегенмен арамыз суып бара жатыр, басында ондай ойлар келмеген. Ештеңеге қараған емеспін.

Басында ойлағанмын, 21 ғасыр деп, Марсқа ұшып жатыр, ғылым дамып жатыр, қыздық ол ежелгі заман деп, бір қате кетсе кеткен шығар деп…

Уақыт өте келе ойымнан кетпейді, әйелімнің абыройсыз ақ босағаны аттағаны. Әсіресе, достарымның айтқаны сүйектен өтті, ойлар басымнан кетпей қойды.

Мен өзімшіл емеспін, қайда барады сонда жеберем әйелімді, төркініне барса, барма демеймін. Дегенмен, жаным жай таппай жатыр.

Басында ашық түрде айтқан, мен қыз емеспін деген, мен оған көндім, өзімнің намысымды қалтама салып үйлендім, шын жақсы көрем әйелімді. Әйелімнің жасы менен кіші. Тіршілік жасайды үйде, үйдегілер оны сыйлайды. Қандай, не пікір, қандай кеңес бересіңдер?», — деп көптен кеңес сұрады желі қолданушысы.

Дереккөз: sn.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді