jasqazaq.kz

Әйелімен жанжалдасқан елордалық 2 күнге қамалды

14 тамыз 2021, 14:44

Елордада зайыбымен жанжалдасқан ер адам екі тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кешкі уақытта 102 арнасына 45 жастағы ер адамның алкогольдік ішімдікке масайған күйінде әйеліне балағат сөз айтып, психологиялық қысым жасап жатқаны туралы хабар келіп түсті. Белгілі болғандай, бұл адам осыған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда оның осы жағдайдан сабақ алмағанын байқауға болады», — делінген полиция хабарламасында. Аталған ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысымен ол екі тәулікке қамауға алынды. Айта кетейік, жыл басынан бері отбасылық тұрмыстық қатынастар саласында полиция тарапынан екі мыңға тарта әкімшілік іс қозғалды. 4724 қорғау нұсқамасы беріліп, сот тарапынан 249 адамның тәртібіне ерекше талап бекітілді. 215 адам қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия