jasqazaq.kz

Әйелімен ұрсып қалған астаналық 5-ші қабаттан секірмек болды

30 қыркүйек 2018, 12:49

Астанада тұрмыстық ұрыс-керіс салдарынан ер адам 5-қабаттың балконынан секірмек болы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«29 қыркүйек сағат 16:00-де 102 пультіне Қобыланды батыр көшесіндегі үйдің балконының сырт жағынан ер адамның секірмек болғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына полицейлер келіп, ер адамды ішке тартып алды», — деп хабарлады департаментте. Кейін 40 жастағы ер адам мен оның жұбайы мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. «Тексеру барысында анықталғандай, жанжал кезінде әйелі ерінің пәтерден шықпауы үшін есікті кілттеген. Ұрыстан кейін ер адам әйелінен пәтерден шығаруын өтінген, олай болмаған жағдайда секіретінін айтқан. Ер адам балконға шығып, шарбақ арқылы сыртқа асып түскен. Жұбайларға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Аталмыш факті бойынша, психиатриялық ауруханадан дәрігерлер шақырылып, оны әрі қарай тексеру үшін медициналық мекемеге жеткізді», — деді ІІД баспасөз қызметінен. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаның алды алынды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді