jasqazaq.kz

Әйелімен ажырасу құрметіне 60 көлік жалдаған

18 қараша 2019, 15:27

Оралда ер адамның көшеде 60 жол талғамайтын көлікпен не себепті жүргені белгілі болды, деп жазады sputniknews.kz.

Басылым жалға алған қымбат автокөліктердің иелерімен және полиция қызметкелерімен сөйлескен. Олардың айтуынша, ер адам Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласынан Оралға келген. Дереккөз оның жақында әйелімен ажырасқанын растапты. Олар Оралдағы пәтерін сатып, ақшасын бөліп алған. Ертеңінде ер адам 60 джипті жалға алып, саунаға бара жатқан. Жолда оны полиция тоқтатқан. Көліктерді бір сағатқа жалға алу құны 15 мың – 20 мың теңгені құрапты. Ал тәртіп сақшыларын облыс әкімі резиденциясының күзет қызметі шақырған. Резиденция джиптер жүрген көшеде орналасқан екен. Айта кетейік, 16 қарашада Оралда ер адам 60 джиппен жүріп, жұрттың үрейін тудырған еді. Қымбат көліктердің арасында Toyota Land Cruiser Prado, Gelandewagen, Lexus болған. Көліктерді Самал ауданында полиция қызметкерлері тоқтатқан. Құқық қорғаушылар автомобильді жалға алған ер адамды ұстады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда