jasqazaq.kz

Әйелім ұрады деп жылаған еркек болған жайтты баяндады (Видео)

30 қараша 2021, 13:30

Тепсе темір үзетін төрт баласы бар ер азамат басынан өткен жайтты жайып салды. Өз үйін тастап, қайын жұртында таяқ жеп келген.

Бұл туралы caravan.kz порталы хабарлайды .

— Тепсем темір үзетін азаматпын. Тек әйелімнің алдында әлсізбін. Себебі сүйген жарым жақындарымен жабылып кетеді. Қыстың қара суығында қайын жұртым жабылып, далаға жалаң аяқ қаңғыртып жіберді. Аш-жалаңаш Қордайдан Алматыға әзер жеттім, дейді әйелінен қорлық көрген азамат.

— Алматыда өз үйім бар. Әйелім төркініне кетіп қала береді. Төрт балам үшін келмей қойған соң, қайын жұртыммен тұруға амал жоқтан көндім дейді жігіт ағасы.

Айтуынша келіншегі сегіз айда екі жігітпен бірге тұрып үлгерген көрінеді. «Мұхитпен бір ай тұрды. Ал, Сайлаухан деген еркектен бір қызды туған деген күмәнім бар, дейді ол. Сол себепті бір қызының өзінен екеніне күмәні бар екен.

— Қайын жұрты оқу, жазу білмейсің, жетімсің деп қорлап келді. Мен інімді күйеуге берген жоқпын, ініме қатын әперемін дейді жігіттің әпкесі.

— Екі қыз, екі ұлым бар. Қызымның біреуі Сайлаухан деген еркектен шығар деген күмән бар. Себебі, оны голосовойдан келген хабарлама арқылы байқап естіп қалдым. Әйелім черный магиямен айналысатын әйелге барып жүр. Қой десем мені мүлдем тыңдамайды. Бірақ, сол қызым басқа еркектен болса да бәрібір маған. Өзім күшкентайынан бақтым, өсірдім. Менің қызым болып қала береді, деген қыздың әкесі ДНК сараптамасын жасатуға келісті.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр