jasqazaq.kz

Әйелі мен баласына пышақ ұрды

23 сәуiр 2019, 12:47

Қазығұрт аудандық сотының тергеу судьясы өз әйелі мен ұлын пышақтаған күдіктіні қамауға алу туралы санкция берді. Оған ҚР ҚК нің 24 бабы, 99 баптың 1-ші және 3-ші бөліктері бойынша айып тағылған. 

Қанды оқиға Қазығұрт ауылында 13 сәуір күні болған. Алкогольді ішімдікке тойып алған күйеуі балаларымен бірге түскі ас ішіп отырған әйелімен жанжалдасып қалған. Ашуға мінген ер адам асхана пышағын әйелдің бүйірінен тығып алған. Арашалап алмақ болған 1994 жылы туған ұлына да пышақ сұққан. Сыртқа қашып шыққан ұлының соңынан қуып аулада күрекпен ұрады.

Қылмыстық ойын соңына дейін жеткізуге арашаға келген көршілері мұрсат бермейді. Өз отбасына ойран салған ер адам көршілері келген соң оқиға орнынан қашып кеткен. Көршілері қан жоса болған әйел мен баласын аудандық ауруханаға жеткізген.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша әйел ауруханада жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Күдіктіні полицейлер сол күні құрықтаған. «Аталған жәйт бойынша әйел адамның күйеуі күдікті ретінде танылған. Полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Оған ҚР ҚК нің 99 бабы «адам өлтіру» бойынша айып тағылған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»-деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазығұрт аудандық сотының тергеу судьясы күдіктіні күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция берген.

Дереккөзі: otyrar.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда