jasqazaq.kz

Әйелі мен баласын соққыға жыққан Ақмола тұрғыны өз-өзіне қол жұмсаған

20 желтоқсан 2022, 15:17

Кісі өлтіруге оқталу және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс Ақмола облысының Полиция департаментінде тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 желтоқсанда Есіл ауданының ауылдарының бірінде қайғылы оқиға болды. Аудандық полиция бөліміне 60 жастағы ауыл тұрғыны басына оқ атып, суицид жасағаны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-тергеу тобы алдын ала анықтағандай, оқиға болған күні марқұм жұбайының бас аймағын жарақаттап, оны тоқтатпақ болған 20 жастағы ұлына дене жарақатын салған. Оқиға туралы полицияға көршісі хабарлады. Ол куәгер болған.

Полиция қызметкерлері келгенге дейін ер адам өз-өзіне қол жұмсап, басына оқ атқан. Бұл фактілер Қазақстан Республикасы ҚК-нің ҚК 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 1-бөлігі бойынша (Қылмысқа оқталу және адам өлтіру) және 105-бабы 1-бөлігі бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеп-тексеру барысында оқ атылған тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтың ІІО-да тіркелгені анықталды. Жұбайының айтуынша, оқиға болған күні күйеуінің арасында ешқандай жанжал болған жоқ.

Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасып, полицейлер ер адамды осы шарасыз қадамға итермелеген себептерді анықтап жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде