jasqazaq.kz

Әйелге шабуыл жасап, көлігін ұрламақ болған жігіт (видео)

18 ақпан 2020, 11:27

Оқиға күндіз Павлодар қаласының тұрғын аудандарының бірінде болды. 37 жастағы жаппа шеккен әйелдің айтуынша, ол аялдама жанында тұрақтап, жұбайын күткен. 

Кенеттен көліктің есігі ашылып, қара медициналық маска киген бір адам артқы орындыққа отырған. Артқа бұрылып, оның көліктен шығуын бұйырдым. Ол «Үндемей, айда, мен қарулымын», — деді. Жолда келе жатып орындықты артқа жылжыта бастадым. Мұны байқап қалып, жігіт: «Мен ештеңеден қорықпаймын, полиция мені іздеп жатыр», — деді. Бағдаршамға жеткенде әйеліне жұбайы хабарласқан. «Сол уақытта телефонды көтеріп, көліктің есігін ашып үлгердім. Жігіт жолаушы орындығына шығып, маған пышақ тақады. Оталдыру кілтін суырып алып, далаға қаша жөнелдім», — деп есіне алады әйел. Ер адам жолаушы орындығына қарай өтіп, көлікті оталдыра алмай, ақырында көліктен шығып қаша жөнелген. «Көліктен шыға сала өзімді жайсыз сезіндім, көмек сұраған жүргізушілер маған есіктерін ашпады, көмек көрсеткен жоқ. Мен ессіз адам көрінген сияқтымын. Тапа тал түсте қалада адамға шабуыл жасау деген сұмдық қой», — дейді әйел. Оқиғадан кейін әйел бірден полицияға барған. «Қазіргі уақытта 25-30 жас аралығындағы еуропалық пішіндегі белгісіз жігіт іздеуде. Ол Honda Accord автокөлігін айдап кетпекші болған және 9000 теңге ақша ұрлап кеткен», — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия