
Үндістанда дәрігерлер әйелдің бүйрегінен әлемдегі ең үлкен ісікті тапқан. 28 жастағы Мунави есімді үндістандық осыдан үш жыл бұрын бүйрек ауруын сезінген, алайда мән бермей дәрігерлерге қаралмаған. Бұл туралы ca-irnews.com сайты хабарлады.
Мумбай дәрігерлері сегіз сағаттық отадан кейін бүйректен салмағы 5.5 килограмм болатын ісікті алып шыққан. Дәрігерлердің сөзінше әйелдің бүйрегінің көлемі басқа бүйректерге қарағанда елу есе үлкейіп кеткен.