jasqazaq.kz

Әйелді ұрып-соққан Шымкент тұрғыны қамауға алынды (видео)

12 маусым 2020, 16:49

39 жастағы әйелдің денесін жарақаттаған шымкенттік уақытша изоляторға қамалды.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасымен 26 мамыр күні 39 жастағы жергілікті тұрғынның дене жарақатын алу бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жедел-тергеу тобы осы жағдайға қатысы бар деген күдіктіні анықтады. Жедел іздестіру кезінде қолға түскен 48 жастағы жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шымкент қаласы Полиция департаменті басшылығының бастамасымен адамға бағытталған психология, шұғыл психологиялық көмек көрсету, бала мен ата-ана қатынастары саласындағы маман Айгүл Рахметованың және заңгер, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбектің қатысуымен жәбірленушімен кездесу ұйымдастырылды. Тағайындалған сараптамалардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу барысы Шымкент қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр.

Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия