jasqazaq.kz

Әйелді ұрып өлтірген қызға сот үкімі шықты (видео)

14 қараша 2019, 10:48

Қостанайда 51 жастағы әйелді ұрып өлтірген оқушы қызға сот үкімі шықты. Жас қылмыскер кәмелетке толмағандарға арналған түрмеге 6 жылға қамалды. Ал оның жанындағы қыз бала жауапқа тартылмады.

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.  Оқиға орын алған уақытта жеткіншек қыздардың кішісінің жасы небәрі 13 жаста болған. Білім беру бөліміндегілердің сөздерінше, қыздардың мектептегі тәртібі нашар болғандықтан, тіркеуге алынған.

Арты өліммен аяқталған жағдай Қостанай қаласындағы Строительная көшесінде орналасқан үйлердің ауласында болған. Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, 51 жастағы әйел қатты мас болған. Ол жолда кетіп бара жатқан екі оқушы қыздың соңынан еріп, өзі тиісе бастаған. Мас әйел қыздарға адасып қалғандығын айтып, үйіне алып баруды талап еткен. Ал бойжеткендер оның айтқанынан бас тартқан кезде, ол аузына келгенді айтып, боқтай бастапты.

Тергеушілердің нұсқасы бойынша қыздар әйелді жабылып соққының астына алған. Екі жеткіншек те кәмелет жасына толып үлгермеген. Жасы кіші қызға қатысты іс тоқтатылыпты, себебі оқиға кезінде ол 14 жасқа да толмаған екен. Сот алқасы оның құрбысына ғана үкім шығарған.

«Қызды 6 жылға кәмелетке толмаған балаларға арналған қауіпсіздігі орташа абақтыға қамау туралы шешім қабылданды. Бұған қоса қыздың ата-анасына айыппұл салынатын болады», — деді мамандырылған ауданаралық кәмелетке толмаған балалар ісі бойынша соттың судьясы Манарбек Үрімбаев.

Алғашында жәбірленуші тараптағы көз жұмған әйелдің ұлы материалдық шығын ретінде 2,5 миллион теңге талап еткен. Алайда оның анасымен бірге тұрмағандығы анықталып, ақша сомасы қысқартылған.

Ал әйелді ұрып тастаған құрбылар жақсы тәртібімен көзге түспеген. Көршілердің айтуынша, 17 жастағы бойжеткен аулада ацетон мен бояу иіскейтін көрінеді. Сонымен қатар, ол кикбоксингпен айналысқан, содан болуы керек ол әйелді ұрып тастауға қауқары жеткен.

Сотталған қыздың анасы өзінің қызы үшін жаза арқалағысы келмейтінін жеткізіпті. Ол үйде қызды тәрбиелеуге оның күші жетпейдігін айтқан. Дегенмен, қылмыскер қыздың анасына 80 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда