jasqazaq.kz

Әйелді көлігімен қағып, жасыру үшін суға батырған

10 сәуiр 2018, 13:24

Павлодар облысы прокуратурасының өкілдері көлікпен қағып кеткен соң, суға батырылған әйелдің ісіне қатысты жазаның неге жеңіл болғанын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еске салайық, Павлодар облысының 26 жастағы тұрғыны әйелді қағып кетіп, кейін оны көлікке салып, суға батырады. Сот ер адамды «Абайсызда адам өлтіру» бабы бойынша кінәлі деп тауып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырады. Әлеуметтік желі қолданушылары үкімді тым жеңіл деп есептеп, түсінік талап етті. Ал Павлодар облысы прокуратурасының өкілдері сот үкімінің негізі бар болғанын айтады. Сот отырыстары кезінде мемлекеттік айыптаушы істі ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-таракының 10-тармағынан ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-тарауына ауыстыруды шағым берген. «Мұндай шешім сот отырыстары кезінде айыпталушының адамды қасқана өлтіргені туралы дәлелдің болмағанына байланысты қабылданды», — делінген Павлодар облысы прокурорының орынбасары Бауыржан Мырзакеровтың Tengrinews.kz тілшісінің сауалына қайтарған жауабында. Ресми жауап бойынша, сотталушы әйел адамның тірі екенін білмеген. Әйел адамның суда тұншығып мерт болғанын ол сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққанан кейін ғана білген.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді