jasqazaq.kz

Әйелдерге көмек қолын созады

27 тамыз 2021, 11:43

Шымкент қаласы мен Түркістан облысында ауылды жерде әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған жоба іске қосылды.

«Заң талабы» құқық қорғау орталығы Қоғамдық бірлестігі «Түркістан облысының ауылдық аудандарында әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою» жобасын іске асыруды бастады. Жоба Qolda 3.0 шұғыл көмек көрсету бағдарламасы аясында «Шеврон» компаниясы мен Орталық Азия Еуразия Қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылмақ. Жобаның мақсаты – Түркістан облысындағы ауылдарда гендерлік зорлық- зомбылықпен байланысты COVID-19 пандемиясының жаңа үрдістері мен салдарын жою.

2020 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық- зомбылықпен байланысты қылмыс көбейді. Төтенше жағдай режимі мен тұрғындарды оқшаулау кезеңінде тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарынан ұйымның жедел желі телефонына күніне 2 реттен 4-ке дейін хабарласу саны артқан. Qolda 2.0 нәтижелері бойынша жоба жақсы нәтиже көрсетті және әйелдер мен қыздардың құқықтарын тұрмыстық зорлық- зомбылықтан қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Түркістан облысының 7 ауданында #StopViolence науқаны әлеуметтік желілер, инфографика, шағын дәрістер, видео, АКТ құралдары сияқты инновациялық әдістер мен каналдарды пайдалана отырып өткізілді. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық- зомбылық жағдайларының алдын алу мақсатында, ақпараттандыру және құқықтық қолдау үшін ауылдық жерлердегі жастар, ерлер мен әйелдер, жасөспірім қыздар арасында буклеттер таратылды.

Жоба аясында заңгер тегін жеке консультация өткізіп, әйелдер мен жасөспірім қыздарға өз құқығын сақтауды қамтамасыз етуге көмектеседі. Жоба барысында ауыл әйелдеріне арналған тренингтер жалғасуда. Мұның арқасында олар құқық қорғау органдарына онлайн өтініш беру мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған кейіпкер өз оқиғасымен былай бөлісті: «Мен 8 жылдан бері тұрмыстамын. Осы ұйымға өтініш білдіруімнің себебі, күйеуім үнемі ұрып-соғады, (тұрмыстық зорлық- зомбылық).

Кәмелет жасына толмаған төрт балам бар. Күйеуім мас күйінде келіп, есімнен танғанша мені ұрды. Екі қабырғам және тістерім сынды. Кейін балаларымды ұра бастағанда шыдай алмадым. Түнде балаларыммен бірге көшеге шығып, көмек сұрадым. Көршім «Заң талабы» ұйымы туралы айтты. Жедел желіге телефон соқтым. Адвокат полицияға арыз беруіме көмектесті. Біраз уақыттан соң күйеуім сотқа арыз беріп, балаларымды тартып алуға тырысты. Бұл маған әсер ету мақсатында жасалған іс-әрекет екенін жақсы түсінемін. Сотта менің мүдделерімді қорғаған «Заң талабы» заңгеріне рахмет. Мен адвокат жалдай алмас едім. Қазір күйеуімнен бөлек тұрамыз, ол алимент төлейді».

«Түркістан облысының ауылдық аймақтарындағы әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою» жобасы Qolda 3.0 шұғыл көмек бағдарламасы аясында алғаш рет отбасылық – тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарымен ғана емес, агрессор ер адамдармен де жұмыс істейтін болады. Шымкентте ерлердің зорлық-зомбылық әрекеттерін түзету, сыйлы қарым-қатынас пен мінез-құлық дағдыларына үйрету, әлеуметтік қатынастарды реттеу, өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, шиеленіс пен мазасыздықты жеңілдететін практикалық дағдыларды үйрету бойынша оқыту тренингтері өтеді.

Айдос ҚҰСАЙЫНҰЛЫ

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия