jasqazaq.kz

Әйелдердің құрметіне ән салған шенеунікке айыппұл салынды (Видео)

13 мамыр 2021, 14:27

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевқа карантинді бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті Times.kz сайты.

Басқарма басшысының әріптестерімен бірге мейрамханада уақыт өткізгенін айғақтайтын видео желіде тарады. Ол жерде Рүстем Исаев мекеме ішінде ән салып жүр.

Соған байланысты желі қолданушылары коронавирусқа байланысты санитарлық-эпидемиологиялық шектеулер алынып тасталмаған кезде шенеуніктердің жаппай жиналып жүргеніне наразылық білдірді.

«Облыстың бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева карантинді бұзғаны үшін шенеунікке 43 755 теңге айыппұл салынғанын мәлімдеді», – делінген ақпаратта.
Алайда, Исаев видеоның 5 наурызда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында түсірілгенін айтты. Ал ол кезде Ақтөбе облысы коронавирустың таралу деңгейі бойынша «жасыл» аймақта болған.

Айта кетейік, санитар дәрігерлер шенеунікке мерекелік және бұқаралық шараларға тыйым салынғанын еске салады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от реклама в Direct ⬆ (@problema.aktobe)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде