jasqazaq.kz

Әйелдер колониясы карантинге жабылды

28 сәуiр 2020, 17:11

#үйдеотыр

Жазасын өтеушілердің бірінен коронавирус белгілері анықталуына байланысты Алматы облысының Жауғашты ауылындағы әйелдер колониясы карантинге жабылды, — деп хабарлайды «Хабар 24».

Сотталғандарға сәлем сауқат беруге, туыстарымен кездесуге тыйым салынып отыр. Қылмыстық атқару жүйесінің жеке құрамы казармалық режимге көшірілді. Коронавирус жұқтырған жазасын өтеуші бірер күн ішінде босануы тиіс. Сол себепті ай-күні жақындаған келіншек аудандық ауруханаға жатқызылған.

Қылмыстық атқару жүйесінің мамандары оның індетке екі апта бұрын шалдығуы мүмкін екенін алға тартып отыр. Өйткені сол кезде ол дәрігерге көріну үшін ауруханаға барған екен. Артынша қаралған емдеу мекемесінде ауру ошағы анықталыпты.

«Науқас 7 сәуірден бастап медициналық санитарлы бөлімде ем қабылдады. Қазір біздегі 13 жазасын өтеуші мен 4 медицина қызметкері карантинде жатыр. Олар сол кезде стационарлық бөлімде болған. Оқшауланғандар сыртқы ортаға шықпайды», — деді ЛА155/4 мекемесіндегі балалар үйінің басшысы Байрам Асланов.

Шектеу шаралары облыстағы түрмелердің барлығында күшейтілген. Жаңадан келген жазасын өтеушілер екі апталық карантинге жатқызылып, коронавирусқа байланысты тексерілген кейін ғана жалпы топқа қосылады. Ал бостандыққа шыққандар қызметкерлердің көмегімен үйіне дейін жеткізіліп жатыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия