jasqazaq.kz

Әйелдер әскери шен үшін ішімдік ішкені тексерілуде (видео)

28 наурыз 2018, 12:11

Желіде пайда болған видеоға қатысты Бас әскери прокуратураға тексеру жүргізу тапсырылды. Видеода шені бар жейде киген әйелдер әскери шен үшін ішімдік ішкені түсірілген.

Tengrinews.kz хабарлағандай, Қазақстанның Бас прокуратурасының  жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтылады. Интернетте пайда болған видеода үш әйел былай дейді: «Құрметті офицерлер, кезекті әскери шен алу үшін алып қоюға рұқсат етіңіз», — дейді де шыны стақанға құйылған сұйықтықты ішеді. Осы әрекет демалыс орындарының бірінде түсірілген. «Видеодағы адамдардың прокуратура органдарына еш қатысы жоғы анықталды. Сонымен қатар, Бас әскери прокуратурасына осы дерекке қатысты тексеру жүргізіп, заңмен бекітілген уақытта нәтижесін жариялау тапсырылды», — деді ведомстводағылар.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды