jasqazaq.kz

Әйел Сирияға 18 жасқа толмаған қайын інісін әкетпекші болған

16 қантар 2018, 14:14

Қарағандыда «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымына қосылу үшін елден кәмелетке толмаған туысын әкетпекші болған 30 жастағы әйел сотталмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлағандай, оған ҚР ҚК 259-бабы мен 257-бабы, яғни «Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау үшін есірткі немесе психотроптық заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау» бойынша айып тағылуда. Сотталушы Қарағандыдан Сирияға кетіп бара жатқанда Қарағанды облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері ұстаған. Тергеу барысында оның содырларға көмек көрсетуге бара жатқаны анықталды. Әйелді 2017 жылдың қыркүйегінде «Сокур» бекетінде ұстаған. Тергеу нұсқасы бойынша, әйел Сирияға 2017 жылдың тамызында кетуді жоспарлаған. Содырлармен байланысып, оны өз қатарларына алуға көндіреді. Келісім жасаушылардың бірі оған діт деген жерге қалай жетуді айтқан. Ұсталған әйел өзімен бірге 18 жасқа толмаған күйеуінің кіші інісін әкетпекші болған. Бірақ, анасының келісімін алмағаннан кейін, кейінірек алып кетуге уәде берген. Сот тыңдалымы басталды.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды