jasqazaq.kz

Әйел мен оның екі баласының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

08 тамыз 2022, 20:03

Алматы прокуратурасы «Спутник» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінен табылған 34 жастағы әйел мен оның 2015 және 2020 жылы туған балаларының мәйітінде зорлық-зомбылық ізі болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, қазіргі кезде қалалық полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кеткен, оның аясында жедел-іздестіру шараларының толық кешені жүргізіліп жатыр.

«Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды, бейнематериалдар зерделеніп, куәгерлерден жауап алынуда. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды. Қылмыстық істі тергеуді қала прокуратурасы ерекше бақылауға алды», — деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр