jasqazaq.kz

Әйел күйеуінің ашынасын көшеде қышқыл шашып жіберді

18 маусым 2018, 16:46

Вьетнамдық әйел күйеуінің опасыздығы жайлы білген соң, өзін өзі ұстай алмады. Ол жарының ашынасын жұрт алдында масқаралады. Оны жұмыс орнынан сүйреп шығарып, киімін шешіп алды. Ол аздай, әйелдің үстіне балық соусы мен чили бұрышын шашып жіберген-ді. Салдарынан әйелдің денесі күйіп қалған.
Қызғаншақ әйел күйеуінің ашынасын көшеге сүйреп шығарып, үстіне чили бұрышын шашып жіберді.  Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Куәгерлер оқиғаны таспаға түсіріп үлгерген. Оқиға Въетнамның Тхан Хоа қаласында орын алған.
Қызғаншақ әйел күйеуінің сатқындығы жайлы білген соң, бақталасының жұмыс орнына бір-ақ келген.


Куәгерлердің айтуынша, алданып қалған въетнамдық әйелдер арасында сатқындарды жазалаудың осы түрі кеңінен тараған.  Қызғаншақ әйел күйеуінің ашынасын көшеге сүйреп шығарып, үстіне чили бұрышын шашып жіберді
“Ол әйел 10 жыл некеде болғанын айтып айқайлады. СПА-салон иесі менің отбасымды бұзды деді. Ақырында шашын жұлып, соққыға жыға бастады. Оған бір топ әйел көмектесті. Бақталасының үстіне чили бұрышын шашты. Ал ол қарсылық көрсетпеді. Әрі мұның барлығы көше ортасында болды”, – дейді оқиғаны фотоға түсіріп алған куәгер Дэвид Пам.
Сурет авторы қолда бар дәлелдерді полицияға берген. Алайда зардап шеккен әйел құқық қорғау органына шағым түсіруден бас тартқан. Полиция соған қарамастан, бұзақы әйелдің заңға сәйкес жазаланатынын айтып отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде