jasqazaq.kz

Әйел көңілдесімен бірге болу үшін күйеуін улап өлтірген

22 ақпан 2018, 16:15

София Сэм және оның көңілдесі Арун Камаласанан адам өліміне кінәлі деп айыпталды. София көңілдесімен бірге күйеуі Сэм Абрахамды Мельбурндағы үйінде улап өлтіріп, жүрек талмасынан көз жұмды деп қылмысын жасырған. Кейіннен оның адам қолынан қайтыс болғаны анықталды.

Бұл туралы Daily Mail-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мәйітті тексеру кезінде Сэм Аврахамның уланғаны белгілі болды.Сонымен қатар, оның қанынан ұйқы таблеткаларын пайдаланғаны туралы айғақтар табылды. Ал полиция қызметкерлері марқұмның әйелі Софияны қамауға алмай тұрып, оны аңдығанды жөн көрген. Детективтер жұмыс барысында әйелдің үнемі көңілдесі Арунмен кездесіп жүргенін білді.

Тексеру кезінде әйелдің күйеуіне авокададан тағам әзірлеп, оған ұйықтататын дәрі қосқаны белгілі болды. Дәрі бойына тараған Сэм Аврахам ұйықтап қалған соң София көңілдесімен бірге оның аузына цианид сұйықтығын құйып жіберген. Содан кейін әйел жедел жәрдемге хабарласып күйеуінің аузынан қанды көбік ағып жатқанын айтқан.

Тергеу барысында Сэм Аврахамның жүрек талмасынан емес, уланып өлгені дәлелденді. Кісі өлтірген София Сэм және Арун Камаласанан кінәлі деп танылғанымен, сот шешімі 21 наурызда жарияланады.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды