jasqazaq.kz

Әйел болғысы келетін қазақ жігіті ел алдында бар сырын айтты (видео)

13 қыркүйек 2018, 10:32

Отандық бағдарлама аясында кішкентай кезінен бастап өзін нәзік жанды ретінде сезінген ер жігіт оқиғасымен бөлісті. Ұзақ уақыт бойы өз арманын жасырып келген ол енді жынысын ауыстырып тастауға бекінген. Көрермендер қазақ баласының бұл әрекетіне жаға ұстап, өз наразылығын білдіруде деп жазады NUR.KZ.

«Өз ойым» бағдарламасының Instagram парақшасында қызу талқыға түскен бағдарлама түсірілімінің үзінділері жарияланған. Онда жас жігіт бұрын-соңды ешкіммен ашылып, бөліспеген сырын жайып салды.

Айтуынша, кіші кезінен нақтырақ айтсақ, бірінші сыныптан бастап өзін қыз ретінде сезінген ол жынысын ауыстыруды арман еткен.

Алайда, толық отбасында дүниеге келген қазақ баласын өз жанұясы қолдамаған көрінеді. Олар ер баланың әйел болып өзгергісі келетініне қарсылық көрсеткен.

«Мен 20 жасқа келгенде оларға айта, ашыла бастағанымда олар мені түсінбеді», — деп айтты ол.
Өзін мүлде ер адам ретінде санай алмаған жігіт бүгінде ата-анасымен ара-қатынасы өте ауыр жағдайға тап болған. Отбасы туралы сұраққа ол жауап беруден бас тартып, көз жасын тыя алмады.

Бағдарламаның бұл саны желіде өте қызу талқыланып, мыңдаған пікір жинаған. Олардың көпшілігі жігіттің шешімін қолдамайтындарын білдірген. Санаулы адамдар ғана, заманауи өмірде бұл қалыпты әрі ерсі емес құбылыс екенін айтып ақтауға тырысты.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді