jasqazaq.kz

Әйел адамды тірідей көмгендер сотталды

11 желтоқсан 2018, 13:13

Шымкентте жас келіншекті тірідей көміп тастаған тұрғындар сотталды. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушының бірін 15 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жұрттың жағасын ұстатқан қылмыстық оқиға ағымдағы жылдың наурыз айында Шымкенттің іргесіндегі Қайнарбұлақ саяжайында болған еді. Танысының туған күнін тойлауға келген бір топ жігіттер сол отырыста танысқан бір келіншекті далада әбден ұрып-соққан. Тіпті денесін өртеп, қылмыстарын жасырмақ ниетпен оны тірідей жерге көміп тастаған. Артынша араға бір апта салып, қылмыскердің бірі өз еркімен полицияға келген. Болған жәйттің бәрін айтып, сыбайластарын да ұстап берген. «Жанар жағармай бекетінен 5 литр бензин алып, әйелдің үстіне құяды. Сіріңкемен жандырып, ізінше сөніп қалады. Осы іс бойынша жасалған сот медициналық сараптамаға сәйкес, әйелдің басынан таспен ұрған кезде де, оған от жаққан кезде де және пышақпен ұрып жатқан кезде де ол әлі тірі болған»,- дейді судья Әбинұр Қарабаев. Қылмыстық істі жан-жақты зерделеген мамандандырылған ауданаралық соты бес айыпталушының бірін он бес жылға бас бостандығынан айырды. Оның үш сыбайласын жасаған іс әрекеттеріне сәйкес, бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан шектеуге үкім шығарды. Ал, басты күдікті ретінде танылған ер адам әлі күнге іздеуде жүр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді