jasqazaq.kz

Әйел адам садақа жәшігін бұзып, ақшаны алып кетті

18 тамыз 2020, 16:39

Жамбыл ауданында кесенедегі садақа жәшігін бұзған күдікті әйел ұсталды. Оқиға Жамбыл ауданындағы кесенелердің бірінде орын алған. Кесененің тазалығы мен тәртібіне қарап, тәу етіп келушілерге жәрдем беруші тұлға кесене ішіндегі садақа жәшігінің құлпы бұзылғанын және ішіндегі қаражаттың қолды болғанын анықтаған. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.

Дереу аудан орталығындағы туысына хабар берген азамат кесене маңында жүргені күдік тудырған әйелді алып келген автокөлікке тән белгілерді айтқан.

«Кесенедегі садақа жәшігінің қолды болғаны туралы хабар түсті. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы әйел адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның жақын ауылдардың бірінің тұрғыны екені анықталды. Күдіктіден қолды болған қаражат тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді Жамбыл ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Асхан Тегенбаев.

Тергеу барысында күдікті бұған дейін кесенеге келіп, қаржы салынған жәшіктің еш бақылаусыз тұрғанына көз жеткізгені белгілі болды. Келесі жолы дайындықпен келген әйел жәшіктің құлпын бұзып, ішіндегі қаражатты алып кеткен. Жауапты тұлғаның мұқияттылығы дінге де, заңға да қайшы жымысқы әрекетті тоқтатып, қылмысты шұғыл ашуға септігін тигізді.

Күдікті әйел мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Оның бұдан өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексерілетін болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде