jasqazaq.kz

Әйел адам полиция қызметкерімен төбелесіп қалды

04 қазан 2019, 17:33

Шымкент қаласында ішімдікке сылқия тойып алған әйел адам мектепте жанжал шығарып, полиция қызметкерімен төбелесіп қалды. Әл-Фараби аудандық соты екі баланың анасына қатысты қылмыстық істі қарады деп хабарлайды NUR.KZ.

Әйелге билік өкіліне тіл тигізді және зорлық жасады деп айып тағылды.

Оқиғаның Шымкенттегі мектептердің бірінде ата-аналар жиналысы кезінде болғаны белгілі болды.

Мектептің спорт залында директор, учаскелік инспектордың қатысуымен болған мәслихатта бір ана жанжал шығарған.

Ол наразылық білдіріріп, айқайға басқан. Учаскелік инспектор азаматшаны сабасына келтіріп, спорт залдан шығармақшы болыпты.
Алайда ашуы тарқамаған әйел адам тәртіп сақшысын жұдырықпен салып жіберген.

Полиция қызметкерлі іші мен мойынынан соққы алған.
Сол маңда тұрған бірнеше мұғалімдер ашуға булыққан ананы сабырға шақырыпты.

Болған жағдай бақылау камерасына жазылып қалған.

Нәтижесінде, полиция қызметкері арыз жазуға мәжбүр болды, әйел адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378 бабы (билік өкіліне тіл тигізу) және 380 бабы (билік өкіліне зорлық-зомбылық) бойынша жауапқа тартылды.
Сол күні азаматша медициналық тексерістен өтті. Сараптама оның орташа мас күйде болғанын көрсетті.

Сот отырысында айыпталушы өзінің жасаған ісіне өкінетінін айтты.
Сот бар жағдайды ескеріп әйел адамды барлық жағынан кінәлі деп тапты.

Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда