jasqazaq.kz

Әйел адам Қаскелеңдегі мешіт имамын кінәлауда (Видео)

14 мамыр 2021, 12:23

Имамға алданған әйел жанайқайын жеткізді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Кел татуласайық» бағдарламасына сілтеме жсап хабарлайды.

Қаскелең қаласындағы «Ақмешіт» мешітінің имамы күйеуі бар әйелге ашық түрде тиіскен. «Арқамнан ұстап, санымнан сипайды, арқамнан массаж жасайтынды шығарды. Күйеуіңді қайтесің, мұны не қыласың, үстіңе тоныңды әперемін, үй әперемін», деп әйелдің басын айналдырған.

Күйеуі жұмыссыз қалған әйел мешіт имамынан көмек сұрап барғанына өкінетінін айтты.

Имам көмекке мұқтаж отбасын азық-түлікпен қамтамасыз еткен, күніне 2-3 мың теңге беріп тұрған. Жалғаса келе имам жұмыссыз қалған ер кісіні қасына көмекке жұмысқа алады. Уақыт өте үйіне барып, кілем апарып, көмек берген сыңай таныта жүріп, әйел адамды төсекке шақырған.

«Қолымызға ақша ұстап, пәтерақымызды төлегенімізге күйеуім де, мен де қуанып мәз болып, имамға ризашылық танытып, бізге Құдай жәрдем беріп жатыр деп арам ой ойламаған едік. Бірақ имам маған ашық түрде тиісе бастады. Имамның бұл әрекетін күйеуіме қорқып айта алмадым. Ол өте мінезі тұйық қатал адам», деп жылады жанайқайын жеткізген әйел.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия