jasqazaq.kz

Әйел 3 жасар қызды аяусыз сабап тастаған

19 қантар 2019, 11:57

Батыс Қазақстан облысында әйел 3 жасар қызды аяусыз сабап тастаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 2016 жылғы қыз бала Қазталов ауданынан облыстық ауруханаға 14 қаңтар күні түскен. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады.

«1985 жылғы әйел 2016 жылғы сәбидің денесін жарақаттаған. Қазір ҚР ҚК 106-бабы 2-тармағына (Кәмелет жасқа толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар қыз баланың жағдайын айта кетті. «Қазір ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты. Нейрохирургия бөлімшесінде ем алуда», — деді Сақпосынова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде