jasqazaq.kz

Айдын Тоқсанбаева: Баламның оң көзіне жасалатын отаны дәрігерлер сол көзіне жасап қойды (Видео)

07 сәуiр 2022, 15:44

Танымал блогер Тоқсанбаева Айдын баласының көзіне ота жасау кезінде үлкен қателік кеткенін айтып, шағымданды.

Бұл туралы  Adyrna.kz хабарлайды.

Блогер инстаграм парақшасына видео жариялап, жағдайдың қалай орын алғанын түсірдірді.

“Мен Тоқсанбаева Айдын, балам Тоқсанбай Асылжанмен бірге квота арқылы Манас 40 мекен-жайдағы ауруханадамын. Баламның оң көзінде киста бар деп, оның тамырын алу үшін отаға жіберген. Барлық қажетті құжаттардың барлығын жинап, осында келдік. Түннен бастап, ештеңе жегізбей, отаға дайындады. Ал таңертең операцияны оң көзіне емес, сол көзіне жасап әкелді”,- деді ол видеода.

Баланың сол көзі емес, оң көзінде ақау болған. Алайда дәрігерлер сол көзіне жасаған. Анасы Айдын, басқа өңірлердегі дәрігерлермен хабарласып,мына жағдайдың қаншалықты дұрыс екенін анықтаған. Барлық дәрігер “мүмкін емес” деп жауап берген.

Отаға жолдау қағазында оң көзі деп жазылғанын көрген дәрігерлер сөздерінен жалтара бастаған.

“Нархозға жатқан кезінде біз тексердік, оң көзі таза, сол көзінде ақау болды”,- деген.

Блогер Айдын Тоқсанбаева дәрігерлердің біле тұра қателік жасағанына қатты ашулы.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр