jasqazaq.kz

Айдос Ербосынұлы қарсыласын нокаутпен жеңді

13 қыркүйек 2021, 10:11

Нұр-Сұлтандағы «Көшпенділер шайқасы-2» бокстың басты бәсекесінде қазақстандық Айдос Ербосынұлы қарсыласын нокаутпен жеңді.

Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) өзі үшін маңызды кездесуде ганалық Леннокс Алленмен (22-1-1, 14 КО) жұдырықтасты. 12 раундқа есептелген жекпе-жекте қарсыластар бір-біріне соққы дарытып бақты. Дегенмен оныншы раундта Айдос ганалық боксшыны бұрыштан шығармай, ұрып жықты. Сөйтіп ол техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша бұған дейін 15 кездесуінің 10-нын нокаутпен аяқтаған А.Ербосынұлы өз спорттық жолындағы ең маңызды табысына қол жеткізіп, WBA сериясы бойынша әлем чемпионы атағына таласуға үміткер атанды. Ал Л.Алленнің бұл екінші жеңілісі еді.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия