jasqazaq.kz

Айдана Меденова өзін айыптағандарға жауап берді (видео)

28 маусым 2018, 12:44

Желіде әнші Айдана Меденованың кадрдан тыс журналистерге берген сұхбатының видеосы тарап кеткен. Онда КешYou тобының экс-әншісі “статуэтка” сөзінің қазақша баламасын таппай, БАҚ өкілдерінен көмек сұраған. Аталған жайтты көпшілік теріс түсініп, әншіні “қазақша білмейді” деп сөккен. Орынсыз сын айтқандарға Меденованың берер жауабы бар, деп жазады Stan.kz.

“Құрметті менің оқырмандарым, өнер сүйер қауым! Қазір ғаламтор желілерінде мен туралы жаман ой-пікірлер таралып жатыр. “Айдана Меденова қазақша сөйлей алмайды, өз ойын жеткізе алмайды, сұхбат бергенде ұят болып қалыпты, статуэтка деген сөздің қазақшасын білмейді екен” деген неше түрлі сөз жүруде. Соған айтарым бар: Мен орысша мектеп бітірсем де, қазақша жақсы сөйлеймін, жанұямда бәрі қазақи, қазақша тәрбие көргенмін. Қазақшадан ешқашан да ұялмаймын, қазақ тілінен ешқашан да бас тартпаймын. Мен қазақша жақсы сөйлеймін деп айта аламын.

Менің қазақша жақсы білетініме күмәнданбаңыздар. Тікелей эфирге кіріп, менімен сұхбаттасыңыздар. Қазақша өз ойымды жеткізе алатыныма көздеріңіз жетеді. Сіздермен бірге қазақтың қарапайым қызы – Айдана Меденова”, – деп ақталды ол.

👈🏻👈🏻👈🏻

Публикация от Меденова Айдана Едильбековна (@aidanamedenova_officialpage)

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді