jasqazaq.kz

Айбек Нұғымаров екі дүркін «Қазақстан барысы» атанды

08 маусым 2019, 22:43

2019 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кетсек, жартылай финалға Айбек Нұғымаров (ШҚО), Айбат Сейтен (Нұр-Сұлтан), Руслан Әбдіразақов (Алматы) пен Ерасыл Қажыбаев (ШҚО) шыққан болатын.

Ерасыл Қажыбаев финалға барар жолда Айбат Сейтенді жеңсе, Айбек Нұғымаров Руслан Әбдіразақовтан айласын асырды. Турнирдің үшінші орнын Руслан Әбдіразақов иеленді. Айбат Сейтенмен өткен тартысты белдесуде алматылық балуан Айбат Сейтеннен басым түсті. Ал финалдық белдесуде шығысқазақстандық қос балуан Айбек Нұғымаров пен Ерасыл Қажыбаев нағыз тартысты өнер көрсетті. Алғашқы ұпайды Ерасыл алғанымен, белдесу басталғаннан кейін қателікке жол беріп, Айбек жартылай жеңіске жетті. Тартысты сәттердің бірінде Ерасыл есепті теңестіруге жақын қалған еді. Ақыры, Айбек Нұғымаров таза жеңіп, екі дүркін «Қазақстан барысы» атанды Айта кетерлігі, Айбек Нұғымаров 2013 жылы да «Қазақстан барысы» атанған болатын. Айбекке 25 миллион теңгеден бөлек, алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табыс етілді. ІІ және ІІІ орынға ие болған Ерасыл Қажыбаев пен Руслан Әбдіразақова 5 миллион және 1 миллион 800 мың теңге берілді. Сонымен қатар, палуандарға әр жеңісі үшін 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда