jasqazaq.kz

АИТВ-ны жеңген екінші оқиға тіркелді

06 наурыз 2019, 17:03

АИТВ эпидемиясымен қырық жылға созылған күресте 35 миллион адамның ішінде тек екеуі ғана жазылып шыққан.

The New York Times басылымының хабарлауынша, дертті жеңген екінші адам туралы сейсенбі күні белгілі болды. Айта кетерлігі, бұл індеттен алғаш рет толығымен жазылған оқиға осыдан 12 жыл бұрын тіркелген еді. «Лондон қаласында АИТВ диагнозы қойылған емделуші жарты жыл бойы вирусқа қарсы терапиядан өтпеген. Яғни, ем тоқтатылған. Бұл кем дегенде ұзақ ремиссияны немесе оның аурудан толық жазылғанын көрсетеді» деп жазады басылым. Дегенмен, мақала авторының жазуына қарағанда, бұқаралық әрі қолжетімді, тиімді терапия туралы айтуға әлі ертерек. «2007 жылы Тимоти Браун есімді Берлин тұрғыны АИТВ-дан толығымен жазылған болатын. Одан кейін де дәрігерлер осындай нәтижеге қанша талпынғанымен, вирусты жеңу мүмкін болмаған еді», деп жазады автор.

Дерккөз: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда