jasqazaq.kz

Air Astana жолаушылардың ұшар алдында ерікті өлшеуін ұйымдастырады

09 тамыз 2021, 12:58

Air Astana 2021 жылдың 9-31 тамыз аралығында Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейстермен ұшатын 18 жастан асқан әуе компаниясының жолаушыларына ерікті салмақ өлшеу ұсынылатынын хабарлайды.

Жолаушыларды ұшу алдындағы өлшеу әуе кемесінің теңгерімін орнату үшін статистикалық мәліметтерді жинау мақсатында Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл рәсімді қауымдастыққа мүше әуекомпаниялар әр бес жыл сайын жүргізеді.

Бақылау өлшеуі жолаушының жынысына қарай бөлінген арнайы белгіленген жерде ұшуға тіркелгеннен кейін жүзеге асады. Рәсім құпия ақпаратты жинауды қарастырмайды. Өлшеу рәсімінен өткен жолаушылар ұтылыссыз лотереяға қатысады.

Air Astana әуекомпаниясының билеттерінің бағасына салмақ өлшеу рәсімі әсер етпейтініне және тек ұшу қауіпсіздігін жақсарту мақсатында ғана жүзеге асырылатынына назар аударады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия