
Мерекелік демалыс күндері әуе компанияның сату кеңселері бұрынғыдай күнделікті әрі үзіліссіз жұмыс істейді. Жолаушыларға қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалаларында 09.00-дан 21.00 дейін, Ақтау қаласында 09.00-дан 20.00 дейін көрсетіледі. Алматы қаласындағы «Нұрлы тау» Бизнес орталығында орналасқан сату бөлімшесі 31 қаңтар күні 08.00-ден 20.00 дейін қысқартылған күнтәртібі бойынша істейтін болады.
Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін әуе компанияның Брондау және ақпарат орталығы 244 4477 (Алматы), 58 4477 (еліміздің басқа қалаларынан) және +7 702 702 4477 нөмірлері бойынша тәулік бойы қызмет көрсетеді. Байланыс ақысы операторлардың тарифтерiне сәйкес алынады. Сондай-ақ, Брондау және ақпарат орталығымен әуе компания сайтындағы чат арқылы немесе call.centre@airastana.com э-пошта арқылы хабарласуға болады.
Рейс туралы мәліметті Air Astana мобилдік қосымшасында немесе airastana.com сайтынан білуге болады. Рейстер туралы ақпарат әр 2 минут сайын жаңартылады. Сонымен қатар, әуе компания сайтында әуебилеттерді сатып алу, брондау және Nomad Club пайдаланушының өз тіркеулік жазбаларын реттеуге мүмкіндік жасалған.
Қызмет көрсету сапасы бойынша ce@airastana.com арқылы клиенттермен жұмыс істеу бөліміне хабарласыңыздар.