jasqazaq.kz

Air Astana Ташкентке тұрақты рейстерді жандандырады

08 қыркүйек 2020, 15:25

2020 ж. 11 қыркүйегінен бастап «Эйр Астананың» Алматыдан Ташкентке ұшатын тікелей рейстері қайта іске қосылып, әрі қарай бейсенбі күндері аптасына бір рет орындалады.

Өзбекстанға келген барлық жолаушылар коронавирус жоқтығын растайтын анықтамасын ұшып шыққанға дейінгі 72 сағаттан аспай алуы керек, сондай-ақ, Ташкентке келгенде 14 күндік карантинде болуы тиіс (үйде немесе қонақ үйде өз есебінен).

Өзбекстаннан келген жолаушылар Қазақстанға келгеннен кейін 48 сағат ішінде коронавирус тексеретін тесттен немесе 14 күндік үйдегі карантиннен өтуі керек. Егер Қазақстанға кіргенде осындай анықтаманы алғанына 5 күн өтпеген жағдайда, оны Қазақстанда қайта алдырудың қажеті жоқ.

Карантиндік шектеулер кезеңінде Қазақстан аумағына кіру үшін шетелдік азамат Қазақстан тікелей әуе қатынасын қайта бастаған елдің азаматы болып, осы елден тікелей рейспен ұшып келуі немесе Қазақстан Республикасының ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес келуге рұқсаты болуы керек.

Билеттерді airastana.com сайтында, меншікті сату кеңселерінде, Ақпарат және брондау орталығында және ИАТА мен әуе компаниясымен тіркелген агенттіктерде сатып алуға болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде