
Air Astana Skytrax-тың COVID-19 таралуын болдырмау бойынша сертификациясынан өтті. 2021 жылы мамыр-маусымда орын алған аудит пандемия жағдайында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы Air Astana нысандарындағы денсаулықты қорғау мен тазалық шараларына талдау жасады.
Тазалау мен дезинфекция реті, жеке гигиена құралдарының стандарттары мен қолдану ережелерінің сақталуы, ақпараттық-танымдық белгілер мен дезинфекциялау құралдарының болуы, әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы мен рейске тіркелу, қону мен ұшу кезінде санитарлық бетперделерді қолдану бағаланды.
«Пандемияның алғашқы күнінен бері Air Astana жолаушылардың денсаулығын қорғау мақсатында барлық қажет шараларды сақтайды», деді Air Astana президенті Питер Фостер. «Бұл міндетті орындаудағы адалдығымыз бүгінгі Skytrax сертификатты алуымызға себеп болды. Бұл жолаушыларымызға ұшар алдында қосымша сенім беретініне сенімдімін».
Skytrax-тың Бас директоры Эдварт Плейстед «Air Astana COVID-19 тәуекелін азайту мақсатында әдістемеге жүгінеді. Аудит әуекомпанияның борттағы гигиена бойынша санитарлық талаптарды сақтау мен пандемия кезінде түзетілген борттағы қызмет көрсетуді орындағанын ерекше атап өтті» деді.
Skytrax COVID-19 рейтінгісіндегі 5 жұлдызға All Nippon Airways, Qatar Airways, Japan Airlines және басқа да компаниялар ие болды. Толық тізіммен сілтемеге өтіп таныса аласыз https://skytraxratings.com/covid-19-airline-safety-ratings.
Биыл Air Astana әуекомпаниясы APEX рейтінгісінде ұшу кезінде COVID-19 таралуын болдырмау және азайту бойынша Diamond деңгейін иеленгенін еске саламыз.
Бүгінде Air Astana әуекомпанияның жолаушылардың денсаулығының қауіпсіздігі үшін қауіпсіздік шараларын толықтай сақтайтынын тағы бір рет дәлеледеді.
Air Astana-ның корпоративтік коммуникациялар департаменті