jasqazaq.kz

Air Astana шетелде ПЦР тестіні өтуге арналған зертханалардың тізімін жасады

07 қазан 2020, 13:09

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Жарлығына сәйкес, 2020 жылдың 6 қазанынан бастап Қазақстанға шет елдерден келетін барлық жолаушылардың коронавирусқа ПЦР тестінің теріс нәтижесін растайтын анықтамасы болуы керек. Әйтпесе, Қазақстан азаматтары атажұртқа оралғаннан кейін 2 күндік карантинге орналастырылады, ал шетелдік азаматтар бортқа қабылданбайды.

Air Astana коронавирустың шетелде ПЦР тестін өтуге арналған зертханалардың тізімін жасады. Ыстамбұл мен Дубайдағы кейбір зертханаларда Air Astana жолаушысы ретінде арнайы корпоративтік тарифтерді пайдалануға болады. Бұл тізім толық емес. Осы тізімде жоқ басқа сертификатталған зертханалардан алынған анықтамалар жарай береді. Қазақстан арқылы халықаралық рейстермен сапар шеккен транзиттік жолаушылар үшін, егер олар әуежайдың транзиттік аймағынан шықпаса, ПЦР анықтамасы талап етілмейді. ПЦР тест кез-келген жастағы жолаушыларға қажет.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия