jasqazaq.kz

Air Astana сәуірдің аяғына дейін рейстер орындамайды

12 сәуiр 2020, 14:18

Air Astana әуекомпаниясы төтенше жағдай мерзімі ұзартылуына байланысты 2020 жылғы сәуірге жоспарланған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына/қалаларынан ішкі және халықаралық рейстер орындалмайтыны туралы хабарлайды.

Орындалмайтын рейстерге билет алған жолаушылар өз сапарының күнін не бағытын өзгерту үшін әуекомпаниясының Брондау және ақпарат орталығына байланысулары тиіс.

2020 жылғы 31 мамырға дейін және бастапқы ұшып кету уақытына 48 сағат қалғанға дейін рәсімделген қайта брондаудан ақша ұсталмайды, тек жаңа сатып алынған билеттер ақысының айырмасы шегеріледі не өтеледі.

Брондау және ақпарат беру орталығына Air Astana сайтындағы Live Chat арқылы немесе call.center@airastana.com поштасына хат жазып байланысуға болады. 2020 жылғы 16 наурыздан 30 сәуірге дейінгі аралыққа сатып алынған билеттердің толық құнын қайтарып алу үшін де әуекомпаниясының сайтындағы үлгіні толтыру керек.

30 сәуірге дейін орындалмайтын рейстерге билеттерді қайта брондау немесе қайта өткізу жөніндегі сауалдардың бәрі кезекпен өңделетініне кепілдік береміз.

Естеріңізге сала кетейік, шектеулер енгізілуіне байланысты, Air Astana компаниялар тобы орындайтын халықаралық рейстер 2020 жылғы 1 сәуірден, ал ішкі рейстер 22 наурыздан бастап тоқтатылған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия