jasqazaq.kz

Air Astana — Ресей және ТМД МRО сыйлығының иегері

11 наурыз 2020, 11:31


Air Astana «Орталық Азияда ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы жетістіктері үшін» номинациясында Ресей және ТМД MRO сыйлығының жеңімпазы атанды.

Марапаттау рәсімі Мәскеудегі Дүниежүзілік сауда орталығында Ресей мен ТМД-ның «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетудің бүгіні мен болашағы» атты 15-ші халықаралық көрме-конференциясының аясында өтті.
«Бұл марапатты алу Air Astana үшін үлкен мәртебе. Бұл біздің техникалық қызмет көрсету деңгейіміздің бағаланғанын көрсетеді, және біздің күш-жігерімізге ілтипат көрсетілгеніне ризамыз», — деді Air Astana-ның инженерлік-техникалық қызмет көрсету бойынша вице-президенті Кейт Уардл. — Біздің негізгі міндетіміз — техникалық базаны жетілдіру және тәжірибемізді кеңейту, сонымен бірге әуе компаниясы үшін қаржылық және сапалы артықшылықтарға қол жеткізу. Болашақта біз сыртқы клиенттердің әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұсынамыз».
Өткен жылы Air Astana Airbus A319/320/321 ұшақтарында C-сheck (тексеріс) жүргізуге мүмкіндік беретін EASA (Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі) сертификатына ие болды. Бұрын әуе компаниясы өз паркі мен басқа әуе тасымалдаушылардың ұшақтарына тек желілік қызмет көрсететін. 2019 жылдың қарашасында Air Astana Алматыдағы өзінің инженерлік-техникалық орталығында Airbus A320neo ұшағына алғашқы C-сheck жүргізді. Бүгінгі таңда тасымалдаушы келешекте С-check-ті жасау үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы авиациялық техникалық орталықтың техникалық базасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде.
Ресей және ТМД MRO авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету саласындағы жыл сайынғы кәсіби сыйлықты «Авиатранспортное обозрение» журналы 2006 жылы тағайындаған. Осы жылы көрме әлемнің 30-дан астам елден келген 100 жуық компанияларды жинады.
Air Astana «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (51%) мен BAE Systems (49%) бірлескен кәсіпорны болып табылады. Әуекомпаниясы 2002 жылдың 15 мамырында тұрақты ұшуларды бастады. Бағыттық желі 60 астам халықаралық және ішкі рейстерді қамтиды. Әуе флоты Boeing 767/757, Airbus A320/А320neo, A321/A321neo, А321LR және Embraer E190/E190-E2 36 ұшағынан тұрады.
Air Astana – Skytrax сыйлығының «Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания» номинациясының сегіз дүркін лауреаты, 2018 және 2019 жж. «Өңірлік Азиялық тасымалдаушы» номинациясында TripAdvisor «Travellers’ Choice Awards» сыйлығының иегері. 2018 және 2019 жж. «Ірі өңірлік әуекомпаниялары» номинациясында АРЕХ рейтингінде 5 жұлдыз иегері.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық