jasqazaq.kz

Air Astana рейстеріне онлайн тіркелу ұшуға 36 сағат қалғанда қол жетімді

21 қыркүйек 2020, 17:35

 

21 қыркүйектен бастап әуекомпанияның рейстеріне онлайн тіркелу ұшудан 36 сағат бұрын ашылады (бұрынғыдай 24 сағаттың орнына) және 60 минут бұрын аяқталады.

Бұл қызмет әуежайдағы тіркеу үстелшелерде адамдардың шоғырлануын алдын алады және COVID-19 инфекциясының қаупін азайтады. Онлайн тіркелу кезінде жолаушылар ұшақтағы орынды таңдай алады. Онлайн тіркелуді airastana.com сайтының «Менің брондауым» бөліміндее, Air Astana мобильді қосымшасы немесе Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларында өзін-өзі тіркеу киоскілері арқылы да жасауға болады.

Жолаушылар тексеру және отырғызу аймағына Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау және Қызылорда қалаларынан ішкі рейстерге арналған мобильді отырғызу талонымен өте алады. Ол үшін онлайн тіркелу кезінде «Мобильді отырғызу билетін сақтау» опциясын таңдау керек. IOS құрылғыларында рұқсат Passbook / Wallet қосымшасында, Android құрылғыларында Pass2U қосымшасында сақталады.

Халықаралық рейстерге онлайн тіркелу Қазақстан мен басқа елдердің қосымша талаптарына байланысты уақытша қол жетімді емес.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия