jasqazaq.kz

Air Astana паркі жаңа Airbus ұшағымен толықты

02 наурыз 2020, 11:23

Air Astana өз паркін еуропалық Airbus өндірушілерінің жаңа ұшақтарымен кеңейтуді жалғастыруда. Әуе компаниясы A321LR (Long Range) екінші алыс магистралды ұшақты тікелей Гамбургтегі (Германия) Airbus зауытынан алды. Оны әуе тасымалдаушы Air Leasing Corporation компаниясынан операциялық лизингке алған. Алғашқы іспеттес әуе кемесін Air Astana өткен жылдың қыркүйегінде ТМД-да бірінші болып пайдалана бастады.

Әуе компанияның барлық A321LR ұшақтары екі класты жинақта ұсынылады: бизнес-класс 16 орынға, эконом-класс – 150 орынға есептелген. Бизнес-кластағы толық жазылатын креслолардың барлығы 16 дюймдік монитормен жабдықталған, ал төртеуінде көбірек бос орын қалдырылған. Эконом-класта 10 дюймдік жеке экраны бар Recaro креслолары орнатылған. Жаңа Airbus A321LR алғашқы рейсі әзірше 2020 жылдың наурызына жоспарланған. Осы үлгідегі ұшақтар Мәскеуге, Парижге, Лондонға және Ыстамбұлға қатынайтын болады.

Сонымен қатар, бірінші жартыжылдықта Air Astana үш жаңа Airbus A320neo алуды жоспарлап отыр. Ұшақтар тікелей Гамбург пен Тулузадағы (Франция) Airbus зауыттарынан келеді. Ұшақтар Pratt & Whitney қозғалтқыштарымен жабдықталған. Бүгінгі таңда Air Astana әуекомпаниясының паркінде 19 Airbus ұшағы бар. Оның ішінде сегіз A320, екі A321, үш A320neo, төрт A321neo және екі A321LR. Әуе компаниясы алдағы жылдары тағы 9 Airbus әуе кемесін алуды жоспарлап отыр.

 

 

Фото: Елена Сергиенко

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия