jasqazaq.kz

Air Astana Орталық Азиядағы үздік әуекомпания атанды

30 қыркүйек 2021, 10:34

Air Astana Skytrax World Airline Awards рейтингісінде тоғызыншы рет «Орталық Азияның үздік әуекомпаниясы» атанды. Әуекомпаниясы Skytrax марапаттарын 2012-2019 жылдар аралығында алды. Skytrax марапаттау бағдарламасы өткен жылы пандемияға байланысты тоқтатылған.

«Пандемияның сын-қатеріне қарамастан, жоғары қызмет көрсету өз маңыздылығын жоғалтпады», — деді Air Astana-ның президенті Питер Фостер. «Жолаушыларымызға сенімдері үшін, сондай-ақ аласапыран кезеңде қайсарлық танытқан әріптестеріме ризамын».

«Соңғы 18 ай бойы жалғасып келе жатқан әлемдік дағдарысқа қарамастан, Air Astana әуекомпаниясы ұшу кезінде қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын ұстанып, «Орталық Азияның үздік әуекомпаниясы» санатындағы көшбасшылығын сақтап келеді», — деді Skytrax-тың бас директоры Эдвард Плейстед.

Skytrax зерттеуі жолаушылардың қанағаттанушылығын анықтау үшін жүргізіледі. 2019 жылдың қыркүйегі мен 2021 жылдың шілдесі аралығында 13 миллионнан астам жолаушы сауалнамадан өтті. Әуекомпаниялардың қызмет сапасы жердегі және борттағы қызмет көрсету өлшемшарттары негізінде бағаланды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия