
Жаңа қызмет әлемнің 20 тілінде басылып шығатын 1000-нан астам БАҚ-ты назарға ұсынады. Электронды газет пен журналдарды жеке құрылғыңызға рейске дейін және рейстен кейін келесі сілтеме арқылы жүктеп ала аласыз: https://airastana.com/kaz/kk-kz/Qyzmetterimiz/Ushaq-bortynda/Elektrondyq-baspa
Air Astana-ның Жобалар бойынша менеджері Әйгерім Жамбыл: «Пандемия кезінде аталған жаңа қызмет өзекті әрі маңызды. Өйткені коронавирустың таралу қаупін азайтады. Media Carrier компаниясымен серіктестік нәтижесінде борттағы түрлі басылымның жаңа нөмірлерін жеке гаджеттерден оқуға мүмкіндік бар».
Жаңа қызмет қағаз бен жанармайды үнемдеуге, сондай-ақ ұшар алдындағы дайындықты оңтайландыруға мүмкіндік береді. Басылым уақытылы жаңартылып отырады.
Media Carrier туралы
MELO Group компаниясына қарасты Media Carrier GmbH – цифрлы контентті тарату мен оның маркетингіне негізделген құрылым. Компания қызметтері авиация, қонақ үй, фитнес орталық пен клиникаларда қолданылады.