jasqazaq.kz

Air Astana Мальдив аралдарына алғашқы рейсін орындады

07 желтоқсан 2020, 14:14

Әуе компаниясы алғашқы рейсін Алматыдан Малеге 5 желтоқсанда Airbus A321LR лайнерімен орындады. Максималды сыйымдылығы 166 орын құрайтын ұшақ ішінде 151 жолаушы болды. Кейінгі рейстердің жүктемесі де 90% дан жоғары болмақ. Мальдив аралдарына рейстер аптасына екі рет: сәрсенбі мен сенбіде жүзеге асырылады. Сұраныстың жоғарылығына байланысты, дүйсенбідегі қосымша жиілік 14 желтоқсанда күтілгеннен ерте енгізіледі және 18 қаңтарға дейін болады. 16 желтоқсаннан 16 қаңтарға дейін рейстер кең шанақты Boeing 767 ұшағында орындалады.

Мальдив Республикасына ұшып келген әр жолаушының ағылшын тілінде теріс нәтижелі ПТР анықтамасы болуы қажет. Анықтама материал жиналған сәттен бастап ұшып келуге дейінгі 96 сағат ішінде жарамды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде