jasqazaq.kz

Air Astana күзгі-қысқы навигация кезеңіне жоспарын жариялады

20 қазан 2020, 10:56

Air Astana күзгі-қысқы навигация кезеңінде халықаралық рейстерді кейбір өзгерістермен жалғастырады. 2020 жылдың 21 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына сәйкес Air Astana Түркия, БАӘ, Украина және Германияға халықаралық рейстер санын азайтады. Осылайша, Ыстамбұлға ұшудың апталық жиілігі 16-дан 12-ге, Дубайға — 12-ден 8-ге, Киевке — 3-тен 1-ге, Франкфуртқа — 6-дан 4 рейске дейін төмендейді. Әуе компаниясы Шарм-Эль-Шейх пен Мальдив аралдарына чартерлік рейстер жасамақ. Ішкі рейстер кестесі өзгеріссіз қалады.

Әуе компаниясының президенті Питер Фостер: «Біз үкіметтердің вирустың таралуын тоқтатуға арналған әрекеттерін қолдаймыз. Сонымен бірге саяхаттау, туристік және рекреациялық индустрия — бұл әлемдік экономикалық қызмет пен жұмыс орындары ұлғаюының қуатты генераторы. Бұл салалардың 2021 жылдың басында толығымен жандануы өте маңызды, әйтпесе қаржылық және әлеуметтік салдары ұлттық экономика үшін де, адамдардың өмірі үшін де өте ауыр болады. IATA мен біз толық мүше болған Asia Pacific Airlines қауымдастығының (AAPA) хаттамаларына сәйкес халықаралық рейстермен ұшпақ жолаушыларды COVID-19 анықтайтын тестілеу осындай қайта іске қосуы үшін маңызды деп санаймыз».

IATA зерттеулеріне сәйкес, ұшақ салоны коронавирустық инфекцияға қарсы басқа қоғамдық орындармен салыстырғанда ең қауіпсіз болып табылады, ал ПТР тестілері мен борттық маскалар инфекцияның таралуымен күресудің тиімді әдістері. Сонымен, 2020 жылдың басынан бастап тасымалдау кезінде инфекцияның 44 оқиғасы тіркелді, осы кезеңде 1,2 млрд жолаушы тасымалданғанына қарамастан, бұл орташа есеппен 27 млн ​​жолаушыға 1 оқиға.

Ұшақтардың қауіпсіздігі ең алдымен ұшақ ішінде орнатылған бактериялардың / вирустардың 99,9% ұстап қалатын HEPA сүзгілерімен байланысты. Көптеген әуе кемелерінде ауа сағатына 20-30 рет алмасады.

Air Astana Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері белгілеген барлық санитарлық нормаларды сақтайды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия