jasqazaq.kz

Air Astana компаниялар тобы алғаш рет C2-check қызметінің ауыр түрін жасады

22 қыркүйек 2022, 13:29

Air Astana компаниялар тобы Қазақстанда бірінші болып FlyArystan құрылымдық бөлімшесіне тиесілі Airbus A320 ұшағында C2 техникалық қызмет көрсетудің ауыр түрін Астанада өздігінен жүзеге асырды.

Биыл жалпы екі C2-check жоспарланған. Airbus тобының ұшақтарында C2-check техникалық қызмет көрсетуге рұқсат 2022 жылдың тамызында алынған.

Роберт Дандо, Air Astana техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға менеджері: «Осы санаттағы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу компанияның инженерлік-техникалық персоналының жоғары кәсіби деңгейі мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ жоғары сапалы С2-check үшін материалдық базаның жабдықталуын растайды. Сонымен қатар, C2-check-ті өздігінен жүзеге асыру әуекомпанияға осы жұмыс түрлеріне жұмсалатын едәуір қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді».

C2-check-ті өткізу кезінде әуе кемесінің әртүрлі бөліктерінде тереңдетілген тексерулер мен сынақтар жүргізіледі: ауа баптағыш сүзгілер мен кілемдерді ауыстырудан бастап бұзбайтын бақылау әдісі арқылы әуе кемесінің құрылымын тексеруге дейін.

Airbus ұшақтарында C2-check әрбір 24 000 ұшқан сағатынан немесе 12 000 қонудан кейін жүргізіледі.

C2-check-пен қатар 2019 жылдан бастап әуекомпания Airbus A320/321 ұшағында C1-check жүргізеді. Сонымен қатар, Компаниялар тобы 2023 жылдың жазында рұқсат алуға жоспарлаған 6 және 12 жылдық check-терге дайындықты бастады. Бұл Air Astana-ға Астанада орналасқан Airbus A320/321 ұшақтарына техникалық қызмет көрсетудің барлық деңгейін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды